Венесуэла президенті Николас Мадуро санкцияларға байланысты Еуропалық Одаққа ультиматум қойды.
Мадуро Венесуэла Боливария республикасы өзінің санкциялық саясатын өзгертпейінше, Еуропалық Одақпен енді ешқашан мәмілеге келмейтінін айтты.
Президент Еуропалық Одақ санкциялар тізіміне жоғары дәрежелі әскери қызметкерлерді, Ұлттық сайлау кеңесінің мүшелерін және депутаттарды енгізгенін еске салды.
«Сіздер позицияны өзгертесіздер, немесе арада ешқашан мәміле болмайды», - деді Мадуро.