Қырғызстан президенті оқшауланды. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Садыр Жапаров Ресейге сапарына дайындалу мақсатында оқшауланған.
«Садыр Нұрғожаұлы Ресейге сапарына дайындалып жатыр, ол жақында болады. Бүгінде ол коронавирус пандемиясына байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында оқшауланды», - делінген хабарламада.