Польшалық БАҚ өкілдерінің айтуынша, үкіметтің жарнамаға жаңа салық енгізуі, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға емес, баспасөз бостандығын бұзуға бағытталған.
«Үкімет жоспары жүзеге асса, біздің басылымды енді көрмеулеріңіз мүмкін», - деп жазылған басылымдардың бірінің веб-сайтындағы басты бетте.
Бұл наразылыққа танымал ТВН24 жаңалықтар телеарнасы қатысты. Телеарна күні бойына "мұнда сіздің сүйікті бағдарламаңыз болуы керек еді" деген жазумен қара экранды трансляциялады. Акцияға "Онет" және "Интерия" ақпараттық порталы да қосылды. Олар да бірде-бір мақала жарияламады.
Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкийге жолданған ашық хатқа Польшаның ірі газеттері мен журналдары, сондай-ақ жетекші тәуелсіз телеарналарды қоса алғанда, 43 медиа ұйым қол қойды. Акция күн соңына дейін жалғасады.