Түркия президенті Реджеп Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасының тұсаукесер рәсімінде оның елі 2023 жылдың соңына дейін Айға ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отырғанын айтты.
"Елді жаһандық ғарыштық жарыстың жоғарғы лигасына шығаратын Ұлттық ғарыштық бағдарламаның жол картасы сәтті жүзеге асырылады", - деді президент.
Ердоған соңғы 18 жылда Түркия спутниктермен, ғарышпен, ұшыру жүйелерімен және ғарыш жабдықтарымен байланысты 56 жобаға 2,1 миллиард лир (125 миллиард теңге) бөлгенін айтты.
"Түркия Ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында ғарыш метеорологиясына инвестиция салу арқылы ғарыштағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ниетті", - деді Ердоған.