Алексей Навальныйға үкім шыққаннан кейін Мәскеу мен Санкт-Петербургте халық наразылыққа шықты. Сот "Ив Роше" ісіндегі шартты мерзімді нақты мерзімге өзгертті. Навальный колонияда 2 жыл 8 ай отыратын болды. Манежная алаңындағы наразылықтардан кейін бірден орталық үш метро станциясы жабылды. Наразылық білдірушілерді дубинкамен ұрды, көбін ұстап алып кетті. Күні бойы Мәскеуде 1100-ден аса адам ұсталды.
Навальный жақтастары үкімнен кейін наразылыққа шығатынын жариялады. Мәскеуде төрт орталық метро станциясы жабылды: "Охотный ряд", "Площадь революции", "Александровский сад", "Театральная". Наразылық білдірушілерді арнайы мақсаттағы жауынгерлер жасағы ұстады, адамдарды таяқпен ұрды, Санкт-Петербургте электр шокерлерін қолданылды.
Еске салайық, 2 ақпанда Симоновский аудандық соты Алексей Навальныйды "Ив Роше" ісі бойынша 3,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім әлі күшіне енген жоқ. Тараптардың шағымдануына он күн уақыты бар.