ТЖ кезінде Ресей жаһандық желіден ажыратылуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында айтты. Жаһандық желіні басқарудың негізгі құқығы Америка Құрама штаттарында. Бірақ, биліктің ондай жағдайға дайындаған жоспары барын айтты.
«Интернет белгілі бір уақытта пайда болды және оны басқарудың негізгі құқықтары АҚШ-та. Егер төтенше жағдай болса, оны толық тоқтатуға мүмкіндік бар. Дегенмен билік бұл жағдайға жоспар құрып қойған», - деді Медведев.
Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары мұндай тәуекелдер аясында Ресейде интернет сегменті туралы заң қабылданғанын хабарлады. Оны дербес басқаруға болатын жолдардың қаралып жатқанын ескертті.