Қаңтар айының аяғында әлемде коронавирустық вакцинаның 84,9 миллионнан астам дозасы салынды. Бұл әр 100 адамға 1,1 дозаға сәйкес келеді деген сөз. Бұған Our World in Data сайтының деректері дәлел бола алады.
Израиль халықты вакцинациялау жылдамдығы бойынша бірінші орында: әр 100 адамға 48,9 доза салынған.
Құрлықтар арасында да айтарлықтай алшақтық бар.
Африкада вакцинация бағдарламалары әлі іске қосылмаған. Ал Солтүстік Америкада 100 адамға 4,7 доза салынған. Вакциналардың барлығы толық қорғанысты қамтамасыз ету үшін екі дозадан енгізілуі керек.