Қырғызстанда экс-премьер-министр Мухаммедкалый Абылгазиев ұсталды. 26 қаңтарда Қырғызстанның экс-премьер-министрі жауап алуға шақырылған. Мұхаммедкалый Абылгазиевтің «Құмтөр» кен орнына қатысы бар екені белгілі.
Sputnik.kg хабарлауынша, Қаржы полициясы Абылгазиевке елден кетуге тыйым салған. Шығу әрекеті болған жағдайда оны ұстауға болатындығы атап өтілді.
Мухаммедкалый Абылгазиев 2018 жылдың 20 сәуірінен 2020 жылдың 15 маусымына дейін Қырғызстан премьер-министрі қызметін атқарды. Ол бұған дейін ел президентінің кеңесшісі болған.