Қырғызстан үкіметі Садыр Жапаровтың жеңісінен кейін отставкаға кетті. Президенттің міндетін атқарушы - Жогорку Кенештің (Парламент) спикері Талант Мамытов премьер-министрдің өкілеттігін Садыр Жапаровтың тоқтатуы туралы жарлыққа қол қойды. Министрлер кабинеті де толығымен отставкаға кетті.
Үкімет мүшелері жаңа құрам құрылғанға дейін өз қызметтерінде болады. Ал Артем Новиков Қырғызстанның уақытша премьер-министрі қызметін атқарады. Қырғызстандағы алтыншы президенттің инаугурациясы 28 қаңтарда өтеді. Кезектен тыс президент сайлауы Қазақстандағы парламенттік сайлаумен бір күні - 10 қаңтарда өтті.