Қырғызстанның Мемлекеттік комиссиясы тамыз айының басындағы елде болған барлық келеңсіздікке Атамбаев айыпты деген үкім шығарды деп жазады Bairaq.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Комиссия үкімін бейсенбі күні өткен парламент отырысында депутат Тынчтык Шайназаров оқыды.
"2019 жылдың 7-8 тамызында Қой-Таш ауылында өткен барлық жағдайға Атамбаев пен оның жақтастары кінәлі. Олар әскерилердің заң аясындағы әрекетіне қарулы қолдана отырып жауап қайтарып, билікті күшпен басып алуды жоспарлаған", - деді ол.
Сондай-ақ, елдің ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздікті сақтайтын мемлекеттік комитеті заң аясында әрекет еткенін де түйінді сөзде ұмыт қалдырмапты.