Қытайдың сейсмологиялық орталығы Цинхай провинциясында метеоритке ұқсас заттың құлағанын хабарлады.
Бүгін таң алакеуімде Цинхай провинциясының Юйшу уезінде метеорит құлады деген болжам бар. Цинхай сейсмологиялық орталығы жергілікті уақыт бойынша сағат 7.25-те (5.25 - Нұр-Сұлтан уақыты) ғарыш денесінің құлауын тіркеді, делінген хабарламада.
Кенхи университетінің профессоры (Корея Республикасы) Евгений Зубко Қытайда құлаған метеорит тәрізді заттың радиусы 1 метрге дейін және массасы шамамен 10 тонна болуы мүмкін екенін айтады.
«Атмосфераға ену кезінде метеорит 3-4 мың градусқа дейін қызады, көрінетін диапазонда жарқыл пайда болады - оны жай көзбен көруге болады. Бұл нысанның радиусы шамамен 1 метрді құрайды, яғни оның салмағы 10 тоннадан асады. Бұл - өте үлкен объект. Мұндай мөлшердегі метеориттің құлауы сирек кездесетін құбылыс, миллиардтың ішінде біреу шығар», - дейді Зубко.
Зубко аспандағы жарқылдың 30 секундқа созылғанын атап өтті.
«Нысан жерге құлағанда, яғни соқтығысқан жерінде үлкен жарылыс болуы керек еді. Бұл оның үлкен массасымен байланысты. Өйткені оның массасы жүздеген артиллерия снарядының массасынан жүздеген есе көп», - дейді ғалым.