Беларусь Президенті Александр Лукашенконың бұдан былай Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қамқорлығымен өтетін іс-шараларға қатысуға құқығы жоқ.
Бұл туралы ұйымның басшысы Томас Бах айтты. Бұған дейін ХОК Беларуссия билігіне қарсы тергеу жүргізуді бастаған. Комитеттің пікірінше, спортшыларды саяси себептермен қудалайды.
Тамыз айында 1500-ден астам беларуссиялық спортшылар елде жаңа әділ сайлау өткізу және Александр Лукашенко режиміне қарсы наразылық білдірушілерге зорлық-зомбылықты тоқтату туралы ашық хатқа қол қойды. Осыдан кейін олардың кейбірі жұмыстан шығарылды, қамауға алынды, сотталды. Олардың арасында фристайлдан әлем чемпионы Александра Романовская, спортшы Светлана Куделич және баскетболшы Елена Левченко бар.