Жүктілік кезінде коронавирустық инфекция жұқтырған Сингапур тұрғыны бойында COVID-19-ға қарсы антидене бар ұл босанды.
31 жастағы Селин Нг-Ченге жүкті кезінде коронавирус диагнозы қойылған. Ауруы жеңіл болып, екі жарым аптадан кейін ауруханадан шығады. Қараша айында Нг-Чен Олдрин есімді ұлды дүниеге әкелді. Дәрігерлер оның бойынан коронавирус белгілерін таппаған.
Бұл өте қызық. Оның педиатры менің бойымдағы COVID-19-ға қарсы антидененің жоғалғанын айтты, бірақ Олдринде бар. Дәрігерім жүктілік кезінде мендегі антидене оған берілген деп болжайды, - деді босанған әйел.