Түрікменстанда бұдан былай қара машиналарға ғана емес, қара бөлшектері бар ақ түсті көліктерге де тыйым салынады. Turkmen.news ақпарат көздері 24 қарашадан бастап мұндай көліктер жол полициясында тексеруден өте алмайтынын хабарлайды.
Президент Гурбангулы Бердімухамедов көліктің радиатор торларының, бампер бөліктерінің және басқа элементтерінің қара түсті болмауын жеке өзі бұйырған. Осы бұйрықты орындау үшін жауапкершілік Ішкі істер министрлігінің басшысы Мамметхан Чакиевке жүктелді. Көліктің негізгі түсі қара болып, техникалық жағынан бояуға болмайтын болса да, техникалық байқаудан өткені туралы белгі қойылмайтынын ескертеді.
Ашхабад жолдарында полиция қара элементтері бар көлік жүргізушілерін тоқтатып, бояу керек екенін, әйтпесе айыппұл салынатынын ескерткен. «Полиция барлық көліктердің қай күнге дейін түсін өзгерту керектігін айтпаған. Бірақ полицейлермен дауласып, тиісті заңды көрсетуді талап ететін жүргізушілерді Шоганлыдағы айып тұрағына апарады. Онда жүргізушілерге 100 манат (шамамен 30 доллар) айыппұл салынады екен.
Бірнеше жылдан бері Түрікменстанда қара түстегі көліктерге тыйым салынды. Тыйым ешқандай құжаттарда айтылмаған, ресми БАҚ-та бұл мәселе көтерілмегені белгілі.