Армения премьер-министрі Никол Пашинян халыққа үндеу жасап, Қарабақ бойынша құжатқа қол қоюының себебін түсіндірді.
Оның айтуынша, Ереван әскери қимылдарды тоқтату туралы келісімге қол қоймаса, онда 20 мың адамы бар армян армиясының өміріне қауіп төнетін еді.
"27 қыркүйекте соғыс басталды және құжатқа қол қоюмен аяқталды. Бұл қоғамның наразылығына әкеп соқты және көп сұраққа менің жауабымды күтіп отыр. Бірақ бұл пайдасыз құжатқа не үшін қол қойылды? Бұл Қарулы Күштер бас штабының Қорғаныс министрлігі соғысты тоқтату керек, ал Арцах президенті (Таулы Қарабақ басшысы Араик Арутюнян) бірнеше сағат ішінде Степанакерттен айырылуымыз мүмкін дегеннен кейін болды.
Бұл қалаларға шабуыл жасағанда біздің қорғаныс аудандарымызды жау қоршап алатын еді. 20 мыңнан аса әскер мен офицер өлім мен тұтқындаудың ортасында қалатын еді. Карвачар мен Кашатагтан да айырылатын едік", - деді премьер.
Оның айтуынша, әскер алдына тапсырма қою - командирдің маңызды қызметі. Бірақ әскер алдағы жағдайларға еш әсер ете алмай, тапсырманы шеше алмай қалса және өліп кететін болса, онда отаны әскердің өмірі үшін құрбандыққа баруы керек.
"Міне сол үшін де мен осы шартқа қол қойдым. Мен карьера мен өмірімнің орнына 25 мың әскердің өмірін таңдадым", - деп түсіндірді Пашинян халыққа үндеу жасаған кезінде.