Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей және Әзербайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғысты 10 қарашаға қараған түнде сағат бір шамасында тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғанын айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Пашинянның айтуынша, ол шешімді әскери жағдайды және әскерилердің мүмкіндігін талдап қабылдаған. Ол мұндай шешімді өзі және халқы үшін ауыр деп атады.
Қымбатты отандастар, әпкелер мен бауырлар. Мен өзім үшін және бәріміз үшін өте ауыр шешім қабылдадым.
Мен Ресей және Әзербайжан президенттерімен Қарабақ соғысын сағат 01:00-де аяқтау туралы мәлімдемеге қол қойдым. Жарияланған мәлімдеменің мәтіні мен үшін және халқымыз үшін ауыр.
Бұл - жеңіс емес, бірақ өздеріңіз жеңілдік деп мойындамағанша жеңіліс те болмайды. Біз ешқашан өзімізді жеңілдік деп мойындамаймыз және бұл жаңа ұлттық бірігу мен өрлеу дәуірінің басталуы болу керек.
Барлық Отанымызды қорғаған және жанын қиған әскер, офицер, генерал, еріктілер алдында бас иемін. Олар Арцахтағы армяндарды жанкештілікпен қорғады.
Біз соңына дейін күрестік. Және біз жеңеміз. Арцах тұр. Жасасын Армения! Арцах жасасын!" - делінген Пашинянның үндеуінде.