Дәл қазір кімнің жеңіске жеткенін тап басып айту қиын.
Себебі сайлау қорытындысы әлі жарияланған жоқ. Сиэтл қаласында тәртіпсіздіктер белең алуда. Демократтардың жақтастары өз назарылығын танытуда. Кейбір азаматтар жолдарды жабуға жұмылды. Бірнеше адам ұсталды. Тәртіп сақшылары сегіз адамға шара қолданғаны туралы айтады.
Дональд Трамп, АҚШ президенттігіне үміткер:
– Біз сайлауда жеңіске жетуге дайын болдық әрі шынында да жеңіске жеттік.
Джо Байден, АҚШ президенттігіне үміткер:
– Біз жеңіс жолындамыз. Дауыстарды түгел санап шыққанша, шыдамдылық танытуға тура келеді.
Екі үміткер де күні бұрын өздерін жеңімпаз деп танығанымен, Ақ үйден орын алуға әзірше Джо Байден жақын тұр.