Ресейлік дәрігерлер коронавируспен ауырғаннан кейін иіс сезу қабілетін қалпына келтірудің жолдарын айтты.
Мұрын қуысын үнемі шайып отыру керек, теңіз тұзымен ерітінді дайындауға болады. Бөлмедегі ауаның ылғалдылығын қамтамасыз етіңіз, - деп нақтылады Абдулло Ходжаев.
Дәрігер жүйке жасушаларын қалпына келтіру үшін В тобындағы дәрумендер мен мультивитаминдерді қолдану қажет екенін ескертеді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанып, жеткілікті су ішуге, никотин мен алкогольден бас тартуға кеңес берді.
Алексей Кошелев коронавируспен ауырған кезде адам мұрынындағы шырышты қабығының ісінуін айтады. Осыған байланысты оның жоғарғы бөлігінің рецепторларына қызметі нашарлайды.