Қырғызстан МҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев баспасөз конференциясы кезінде елдегі қылмыс әлемінің серкелеріне талап қойып, олардың ешқайсысы екі-үш "лексус" мінбеуі керек екенін айтты.
Ташиевтың сөзінше, елде қарақшылықпен күресті қатаң түрде жүргізу жалғаса береді.
"Бұдан былай ешкім ешкімге қорған болмайды. Құрметі бизнесмендер, өтінеміз, бізге ақпарат беріңіздер. Егер кімде кім бір жерде біреуді қорғайтын болса немесе қысым көрсететін болса, біз олардың қызметіне қарамастан бәрін жазалаймыз", - деді Қамшыбек Ташиев.
Сонымен бірге ол қылмыс әлемінде аты аталатын Камчи Кольбаев заң бұзса, жазаланып, қамауға алынатынын айтты.
"Құрметті бандиттер, сіздерге өте аз уақыт беріледі. Сіздер заң бойынша өмір сүресіздер немесе камераға отырасыздар немесе мемлекетімізден көшіп кетіңіздер. Енді елде қарашылық пен жемқорлық болмайды", - деді Ташиев.