Армения премьер-министрі Никол Пашинян президент Ильхам Әлиевтің шарттарын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.
Пашинян қазірдің өзінде жеке делдалдардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Әзербайжан Президенті Ильхам Алиевпен байланыс орнатуға тырысуда.
Армения үкіметі Қарабақ жөніндегі Ильхам Әлиев ұсынған шарттар бойынша диалогқа дайын екендігі хабарланды.
Физули қаласы мен аймақтағы бірқатар ауылдарда ауыр жеңілістен кейін рухын жоғалтқан армян армиясы келіссөз жасауға дайын.
Армян армиясы майданда ақ туын көтеріп, берілудің алдында тұрғаны белгілі. Сонымен қатар, майдандағы кезекті жеңілістер Армениядағы саяси дағдарысты одан сайын шиеленістірді, ұзақ уақыттан бері экономикалық жағдай әлсіреп, ал халық күрделі әлеуметтік мәселелерді бастан кешуде. Елде Пашинян саясатына наразылық күшейіп, оппозициялық күштер кек алу жоспарларын жасай бастады.
«Жеке құрамдағы шығындар Армения азаматтарының ашуын күшейткен, ата-аналар балаларының армияға баруына жол бермейді және әртүрлі жолмен оларды әскери қызметтен жасыруға тырысуда. Барлық жерде сарбаздар арасында жаппай дезертирлік белең алған, әскерге барудан бас тартқандарды қудалау тәжірибесі нәтиже бермеуде», - дейді дереккөздер.