Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкек аумағында 12 қазан сағат 20.00-ден бастап, 19 қазан сағат 07.00-ге дейін төтенше жағдай жариялап, әскер кіргізуге бұйрық берді.
Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан Қарулы Күштерінің Бас штабына «Бішкек қаласының аумағына әскери бекеттерді өткізу пункттерін ұйымдастыру, қарулы қақтығыстарды басу, заңдылық пен тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және бейбіт тұрғындарды қорғау» тапсырылды.