Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаевты, Қанат Сағымбаев пен Дамир Мусакеевті ұстады.
Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар Бішкекте жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталған.
«Қазіргі уақытта ведомствоаралық тергеу-жедел тобы осы қылмыстың басқа да серіктестерін анықтауға және қамауға алуға бағытталған тиісті іс-шараларын жалғастыруда», - деп хабарлады ҰҚК.
Естеріңізге сала кетейік, Алмазбек Атамбаевқа Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. 2019 жылдың 7-8 тамызындағы Қой-Таштағы оқиғаларға және Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуына қатысты сот ісі жүріп жатыр. Оны 6 қазанға қараған түні наразылық білдірушілердің көпшілігі ҰҚК-нің түрмесінен босатты.