Өткен түні Бішкек маңында тағы бір әскери техника колоннасы байқалды. Ол полиция патрулімен бірге қырғыз астанасына қарай бағыт алып бара жатқан.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бүгін Қырғызстан парламентінің депутаттары мемлекеттік резиденцияда шұғыл отырыс өткізіп, елдің жаңа премьер-министрін сайлайды. Кеше Президент Сооронбай Жээнбековтің жарлығымен қазанның 9-ы мен 21-і аралығы Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді.
Еске салайық, Қырғызстанда өткен дүйсенбі күні парламенттік сайлаудың қорытындысы жариялана салысымен наразылық шерулері басталып, оның соңы қақтығысқа ұласты.