Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізді.
Зорлық-зомбылық және адамдардың өмірі мен денсаулығына тнгене қауіп-қатерге байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін және Бішкек аумағында қоғамдық тәртіпті орната отырып, қоғамдық-саяси жағдайды тезірек тұрақтандыру үшін:
Бішкек аумағында 2020 жылғы 9 қазанда сағат 20: 00-ден бастап 21 қазанда 08: 00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай режимін енгіземін.
Ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев төтенше жағдай кезеңінде Бішкектің коменданты болып тағайындалсын.
Қырғыз Республикасының Үкіметі төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат бөлуі керек.
Төтенше жағдай кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі жағдайдың ушығуын болдырмау үшін комендант ұсынған ақпаратты таратады.