Сооронбай Жээнбековтің елдегі қазіргі жағдайға байланысты халыққа үндеуі жарияланды.
"Құрметті отандастар!
Қырғызстан ең қиын кезеңді бастан өткеруде.
Ешқандай билік немесе лауазым адам өмірінен жоғары бола алмайды.
Өздеріңіз білетіндей, мен адам өміріне қауіп төндірген жоқпын және Ақ үй ғимаратына басып кіргендерге күш қолдану туралы бұйрық берген емеспін.
Сол күндері наразылық білдірушілерді күшпен басу туралы шұғыл ұсыныстар да болды. Мен бұдан үзілді-кесілді бас тарттым. Бұл қақтығысқа әкеледі.
Сондықтан да мен төтенше жағдай режимін енгізу туралы Жарлыққа қол қойған жоқпын.
Өңірлерде мені қолдап митингілерде сөз сөйлегісі келетін көптеген отандастар болды, мен оларды бұлай жасамауын өтіндім. Себебі бұл күндері біз халықты бөлудің қаншалықты қауіпті екенін өз көзімізбен көрдік.
Құрметті отандастар,
Қызметке орналасқысы келгендер мақсатына жетті.
Енді көшедегі акцияны жалғастырып жатқан жақтастарын тоқтатуымыз керек. Мен ұйымдастырушылар мен саяси көшбасшыларды тағы да құқықтық салаға оралуға шақырамын!
Зорр ризашылықпен осы қиын сәтте жоғары азаматтық ұстанымын көрсеткен жастарымыздың еңбегін атап өтемін.
Түні бойы көзіңізді жұмбай, бейбітшілікті, азаматтардың және мемлекеттің меншігін сақтау үшін жұмыс жасадыңыздар, ол үшін мен ризамын.
Сіздер ел мүддесі ең қымбат екенін шынымен дәлелдедіңіз.
Мен барлық тарапты шыдамдылық пен ұстамдылыққа шақырамын.
Мемлекет мүдделері жеке амбициялардан жоғары екенін тағы бір рет еске саламын.
Біз бұл жағдайдан бірлескен күш-жігермен шығатынымызға сенімдімін.
Құрметті отандастар, бүгінде ең өзекті міндет - Қырғызстанда бейбітшілік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету!
Бәріміз үшін елдің мүддесі бәрінен де маңызды.
Алла Тағала біздің сүйікті Қырғызстанды сақтасын!"