Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің қызметінде «ұзақ отырғанын» мойындады.
"Иә, мүмкін мен біраз отырдым. Мүмкін олар мені теледидардан ғана емес, үтік пен шәйнектен де көрсететін шығар. Иә. Бірақ, шын мәнінде, енді мен ғана Белоруссияны қорғай аламын", - деді Лукашенко «Россия 1» телеарнасындағы бағдарлама эфирінде.
Лукашенко елді 1994 жылдың 20 шілдесінен бастап басқарып келеді.