Михаил Ефремов сегіз жылға жалпы режимдегі колонияға сотталды.
Судья сот отырысы кезінде актердің кінәсін мойындамағанын, ештеңе есінде жоқтығын айтқанын атап өтті.
Бір апта бұрын прокурор актерға 11 жыл беруді сұрады.
Сот үкімін жариялау үшін сотқа актер Иван Охлобыстин, музыкант Гарик Сукачев және айыпталушының әйелі Софья Кругликова келді.
Судья сонымен қатар сараптама нәтижелерін оқыды. Апат кезінде Ефремовтың көлігі сағатына 80-90 шақырым жылдамдықпен жүргені анықталды.
Сот әртістің жолаушылар орнында отырғанын айтқан адвокаттың дәлелдеріне сенбеді.
Куәгерлердің айғақтарына сәйкес, жол талғамайтын көлікті Ефремовтың өзі басқарған, ал көлікте басқа ешкім болмаған.
Сот Михаил Ефремовты сегіз жылға жалпы режимдегі колонияға соттады. Ол сондай-ақ Сергей Захаровтың пайдасына 800 мың рубль (шамамен 5 миллион теңге) төлеуі керек. Сонымен қатар, актер үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Еске салайық, Ефремов 8 маусымда Мәскеудің орталығында апатқа ұшырады.
Нәтижесінде Сергей Захаров жарақат алып, ауруханаға түскен. Бірақ келесі күні қайтыс болды. Михаил Ефремов үй қамағына алынды. Оның қанынан алкоголь мен есірткінің іздері табылған.