Қытай ғалымдары коронавирустың кәріз құбырлары арқылы таралуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Bloomberg басылымында айтылған.
Environment International журналында жарияланған зерттеудің себебі, ешкім тұрмайтын пәтердің жуынатын бөлмесіндегі коронавирустық қоздырғыштың анықталуы.
Ақпан айында ғалымдар COVID-19 құбырлар арқылы таралу нұсқасын ұсынды. Зерттеулерден кейін бұл теория расталды.
Жуынатын бөлме COVID-19 науқастары тұрған пәтердің үстінде болды. Зерттеушілер вирустың дәретханадан ағып жатқан судың әсерінен пайда болатын ұсақ бөлшектер арқылы құбырлармен ауаға таралуы мүмкін екендігі туралы тәжірибе жасады. Нәтижесінде мұндай аэрозоль бөлшектері үйдің 10 және 12 қабаттарынан табылды.
Сонымен қатар, 17 жыл бұрын Гонконгта су құбырлары пневмония себебі болған. Соның салдарынан көпқабатты үйлердің 329 тұрғыны ауырып, 42 адам қайтыс болды.