Канада астанасы Оттавада мыңдаған адамнан тұратын наразылық акциясы өтті. Наразылық білдірушілердің үкіметке қоятын басты талабы - коронавирус пандемиясына байланысты қойылған барлық шектеулерді жою.
Наразылық акциясын ұйымдастырушылардың айтуынша, карантиндік шаралар ел экономикасына зиян келтіреді және азаматтардың бостандығын шектейді.
Неміс билігінің коронавирус пандемиясына байланысты саясатына қарсы азаматтардың жаппай наразылық шеруі Германия астанасы Берлинде өтті. Бранденбург қақпасына көптеген наразылық білдірушілер жиналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Берлиндегі акция соңғы 15 жыл ішінде Германия астанасындағы ең ірі наразылық акциясының біріне айналды. 300-ге жуық адам ұсталды.
Лондонда мыңдаған адамдар карантин мен вакциналарға қарсы наразылық білдірді. Олар шектеу шаралары адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзу деп санайды. Бұл COVID-19 шектеу шараларына қарсы Ұлыбританиядағы ең үлкен митинг.
Әлемде 25 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған.
Әлемде COVID-19 құрбандарының саны 842,7 мыңға жетті. 16,4 миллионнан астам адам ауруды жеңіп шықты.