Оңтүстік Корея дипломаты Чанг Сон Миннің айтуынша, Ким Чен Ын комада жатыр, ал оның орнына әпкесі келуі мүмкін.
Дипломат Оңтүстік Кореяның президенті болған Ким Дэ Чжунның көмекшісі болып жұмыс істеген. Оның айтуынша, КХДР билігі басшысының денсаулығының нашарлауы туралы шындықты жасырады.
«Билік мирасқорлығының толық құрылымы әлі қалыптасқан жоқ», - деді ол.
Алайда, дереккөз Ким Чен Ын мұрагерін сайламады деп мәлімдейді. Оның айтуынша, министрлер кабинетінің басшысы Ким Док Хун мен Мемлекеттік кеңес төрағасының орынбасары Пак Бун Ду ел экономикасын басқаруды өз қолына алды. Тағы екі жоғары лауазымды шенеунік қорғаныс саласына жауапты.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірде КХДР басшысының жүрегіне ота жасалды деп хабарланған болатын.