Флорида тропикалық аурулармен күресу үшін генетикалық модификацияланған 750 миллион масалар ауаға жіберіледі.
Жергілікті билік 2021 жылдан бастап екі жыл ішінде масаларды босатуға рұқсат берді.
Зертханада өсірілген 750 миллион жәндіктің аналықтарында көбею мүмкіндігі болмайды. Ғалымдардың жоспары бойынша, генетикалық модифицирленген масалар жабайы туыстарының популяцияларымен араласып, Aedes aegypti түрлерін, яғни, безгек ауруын тудырушы масалар санын азайту.
Мұндай үлкен көлемдегі зерттеу жұмысы бірінші рет болып отыр. Масалар біртіндеп Флорида (АҚШ) оңтүстік жағалауындағы Киз аралдарына жіберіледі. Ғалымдар Aedes aegypti түрін нысана ретінде таңдады, өйткені осы түр лихорадка, Зика және чикунгунья сияқты ауруларды жұқтырады, деп жазады Fast Company.
Авторлар мұндай тәжірибелер Бразилияда масалардың санын едәуір азайтқанын айтады. Сарапшылар өз жұмыстарын «экологиялық тазарту» деп атайды: бұл болашақта сары безгек масаларының жоюға көмектеседі.
Алайда, Халықаралық Технологиялық Бағалау Орталығының қызметкері Джейди Хансон бұл технология әлі жеткілікті сыналған жоқ деп санайды. Сарапшының пікірінше, адамдар үшін қауіпті басқа түрлер Aedes aegypti орнын тез арада баса алады.