Сирияның мемлекеттік телеарнасы АҚШ әуе күштерінің Камышлы қаласының оңтүстігіндегі Башар Асад армиясына шабуыл жасағанын хабарлады.
«Сириялық бір жауынгер қаза болып, тағы екі адам жарақат алды. Елдің әскери күштері америкалық басқыншылардың патрульін өткізуден бас тартқаннан кейін Камышлы қаласының оңтүстік-шығысындағы Телл-Захаб ауданындағы САР әскерінің блокбекетіне АҚШ ұшақ соққысын жасаған», - деді Ikhbarya ТВ.
Өз кезегінде үкіметтік «al-Watan » газеті жараланғандардың бірі - Сирия Араб Республикасы армиясының офицері екендігі туралы жазды. Олардың айтуынша, американдық патруль Сирия армиясының бақылауындағы аймаққа кіруге тырысқан. Алайда газетте әуе шабуылын жасаған ұшақтың кімге тиесілі екендігі көрсетілмеген.