Заманауи ғылыми әдістер вакцинаның прототиптерін алдын-ала дайындауға мүмкіндік береді, бұл вакцинаны жасау уақытын бір айға дейін қысқартады. Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург COVID-19 вакцинасы туралы осындай мәлімдеме жасады.
«Инженерлік-генетикалық заманауи әдістер эпидемиялық маңызы бар штамдарға қарсы вакциналардың прототипін жасауға мүмкіндік береді. Бұл прототиптерді алдын-ала жасап шығаруға болады және жай тоңазытқыштарда арнайы дайындық ретінде сақтауға болады», - деді Александр "Россия 1" телеарнасына берген сұхбатында.
Гинцбург ресейліктерге қажет вакцина мөлшерін 9-12 айда шығаруға болатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина шығару басталды.