Қытайда кенелер арқылы берілетін SFTS вирусы тіркелді.
Соңғы мәліметтер бойынша, қазірдің өзінде 60 адам жұқтырған, жетеуі қайтыс болған. Бастапқыда індет Цзянсу провинциясында тіркелді, кейіннен Аньхой провинциясының тұрғындары да вирус жұқтырды.
Жаңа вирусты жұқтырғандардың бірі аурудың белгілеріне жөтел, дене қызуы және қандағы лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуі кіретінін айтты.
SFTS алғаш рет 2011 жылы анықталды. Вирус кенелерден адамға жұғады. Жұқтырған адамнан екінші адамға - қан немесе шырышты қабық арқылы таралады.