Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиге ұшақ апатына байланысты көңіл айтты.
«Кераладағы ұшақ апатынан көптеген адамдардың қаза болуына байланысты үкіметке, халыққа және жеке Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиге шын жүректен көңіл айтамын», - деп жазды мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Үндістанның Кожикоде қаласында Air India Express Boeing 737 ұшақ апаты кезінде қаза болғандар саны 20-ға жетті, 140-тан астам адам жарақат алды.