Дағыстанның экс-премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен ұсталды.
«Кеше полиция марқұмның жігіті - Муртузали Меджидовті ұстады. Ол Дағыстан Республикасы үкіметінің бұрынғы басшысының баласы», - делінген хабарламада.
Бұған дейін тергеу комитеті «Суицидке жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
2018 жылдың 13 сәуірінде МГИМО Халықаралық экономикалық қатынастар факультетінің төртінші курс студенті Томирис Байсафа белгісіз жағдайда үзіліс кезінде университеттің төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Қыз көп қан жоғалтқан. Ағымдағы жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.