Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясындағы 8,4 миллионнан астам адам қатты нөсерден болған су тасқынынан зардап шекті.
Бұл туралы провинцияның су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес штабы мәлімдеді.
Сенбі күні таңертең бұл провинцияның шамамен 1,12 миллион тұрғыны эвакуацияланды. Тікелей экономикалық шығын 33 миллиард юаньға (шамамен 4,7 миллиард доллар) бағаланды
Сонымен бірге, апат 986 мың га ауылшаруашылық алқаптарына зиян келтірді.