Индонезиядағы Сулавеси аралында өте ерекше рәсімді өткізетін тораджи халқы тұрады.
Үш жылда бір рет тораджи халқы қайтыс болған туыстарының мәйіттерін Манене рәсімі үшін қазып алады.
«Манене» фестивалінің атауы «өлгендердің денелерін тазарту рәсімі» деп аударылады. Марқұмның денесі алынып, әдемі киім киеді. Бұл рәсім тірілер мен өлілер әлемінің арасындағы тығыз байланысты көрсетеді.
Жерлеу - қоғам өміріндегі маңызды және қымбат оқиғалардың бірі. Тораджи халқы қайтыс болған адамды лайықты түрде жерлеу үшін өмір бойы ақша жинайды.
Манене рәсімі кезінде қайтыс болған туысын кептіреді, содан кейін тазартып, жаңа киім кигізіп қояды.
Жерлеудің кезінде тораджи халқы буйволды немесе бұқаны сойып, мүйіздерін қайтыс болған туысының үйінің жанына қояды. Үйін мүйіздермен безендірген сайын марқұмның әлеуметтік жағдайы соғұрлым жоғары болады.
Рәсімнің соңында мәйіт үңгіріне орналастырылалы (сол жақта). Осы сәттен бастап марқұмның жаны басқа әлемге саяхат жасай бастайды. Табыттар қабірлерде (оң жақта) орналасқан және Манене фестивалінің алдында сол жерден шығарылған.
Қайтыс болған адамды «ауырып жатыр» немесе «ұйықтап жатыр» дейді, өйткені тораджи халқы оларды жерлеу рәсіміне дейін тірі деп санайды.