Қытай су тасқыны жалғасуда. Апаттан бірнеше миллион адам зардап шекті. Қазірдің өзінде су азаймай жатыр. Мәселен, Уханда бөгеттің жарылып кетпеуі үшін бекініс дайындалып жатыр. Қытай билігі тасқыннан келген шығынды он екі миллиард доллар деп есептеді.
Құтқарушылар үйлерді белге дейін су кешіп аралап жүр. Өйткені, уақытында қашып үлгере алмағнадар қақпанға түскендей болды. Аньхой провинциясында - ең қиын жағдай. Оңтүстігінен ағынды Янцзы, солтүстігінде - Хуэйхе жатыр. Үлкен су бүкіл қаланы қамтыған.
Ежелгі Нанкинде бірінші қабаттар мүлдем көрінбейді. Бірнеше миллион тұрғыны бар Ланчжоуда Сары өзеннің жағасы толып жатырю Поянда ғимараттар қысымға төтеп бере алмай, құлап жатыр. «Бұл жерде екі бала және төрт қарт адам болды, егер әскери қызметкерлер уақтылы келмесе, жағдайымыздың не боларын білмейміз!», - дейді тұрғындар. «Оларға үлкен рахмет!»
Қытайдың 27 провинциясы апат аймағында. Билік әскерлер және құтқарушылардан көбірек жіберуде. Олар тәулік бойы бөгеттерді күшейтіп, құм дорбаларынан тосқауылдар мен бөгеттер жасап жатыр. Жолдар бұлыңғыр. Адамдарды құтқаруға ауыр техникалар жол ашады. «Біз қазір шұғыл түрде негізгі бөгетке қысым түсіруді азайту үшін 160 миллион текше метрге арналған су қоймасын құрып жатырмыз. Бұл көмектесуі керек», - деді құтқарушылар.
«Міне, нөсер жаңбыр жауғаннан бөлек, желдің күшті болғаны сонша, ол бөгетке соққан толқындарды күшейтеді, осылай жалғаса берсе, ол міндетті түрде құлап кетеді», - деп ескертеді Фэнган қаласының басшысы Чун Чун.