Вашингтонның Пекиннен Хьюстондағы дипломатиялық өкілдігін 72 сағат ішінде жабуды талап ету туралы шешімі екі күш арасындағы шиеленісті тағы да арттырды. ҚХР Бас консулдығы қызметкерлерінің зияткерлік меншік ұрлығы және американдық жеке деректерді ұрлағаны туралы айыптауларын Қытай басшылығы «саяси арандатушылық» ретінде қабылдады. Осы елдер арасында қалыптасқан ахуал туралы IMEP сарапшысы Лидия Пархомчик түсініктеме берді.
Оның айтуынша, бұл оқиға қытай-американдық қақтығысын жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, сонымен бірге Америка Құрама Штаттарының Қытайға қарсы санкциялар арсеналын тез кеңейтуге деген ниетін айқын көрсетті.
Мәселен, Қытай бағытында жүргізіліп жатқан саясаттың сипатын жедел өзгерту қажеттілігін Сенат тыңдауында АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Стивен Биган растады.
Айта кету керек, Вашингтон Пекинді дұшпан ретінде қабылдауға тырыспайтынын және екі елдің мүдделері сәйкес келетін салалардағы сындарлы ынтымақтастыққа сенетінін айтады. Алайда, Дональд Трамп әкімшілігінің жақында жасаған әрекеттері, соның ішінде Гонконгтың бостандығын бұзғаны үшін Қытайға санкциялар енгізу туралы жарлығы жағдайды жақсартудың алғышарттары жоқ екенін көрсетеді, дейді сарапшы.
Қытайға қарсы науқанның күшеюіне Пекиннің сәйкес реакциясы қатар жүретінін атап өтті. Қытай СІМ-нің өкілі Ван Вэньбинь Хьюстондағы дипломатиялық миссиямен байланысты жағдай «шешуші қарсы шараларға» әкелетінін мәлімдеді.