Қазақстан Республикасының Үкіметі Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасына гуманитарлық көмек жіберуді жоспарлап отыр.
Премьер-министр Асқар Мамин қол қойған қаулы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің ресми сайтында жарияланды.
Ислам Республикасына қазақстандық тарап бес мың данадан астам тауар жібермек. Оның ішінде қысқы палаткалар, жамылғылар, жиналмалы кереуеттер, матрацтар, жастықтар мен көрпелер бар. Сонымен қатар Ауғанстанға жылы киімдер де беріледі.
Өзбекстанға ұн, қарақұмық, өсімдік майы және консервілерді тонналап аттандырмақ.
Құжатқа сәйкес, ҚР Сыртқы істер министрлігі гуманитарлық көмекті жеткізу мен алушы тарапты анықтауға міндеттелген. Ал ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ауғанстан мен ӨЗбекстанға гуманитарлық көмекті жеткізуге жауапты.