Үрімжідегі карантин желі жұртшылығын таң қалдырды (видео)
Шыңжаң провинциясының орталығы Үрімжі қаласында түнгі сағат 00:00-ден бастап қатаң карантин жарияланған. Оған себеп – қала тұрғындарынан коронавирус белгілерінің байқала бастауы. Желіде жарияланған бейнематериал қазақстандықтардың таңданысын туғызып, азаматтар бізге де осындай қатаң тәртіптегі карантин қажет екенін айтуда. Видеода байқалғандай, ірі шаһардың басты көшелерінен ешбір көлік немесе жаяу жүргінші байқалмайды. ВИДЕО