Бұл көлем дәрі-дәрмектерге деген бір айлық қажеттілікті өтеуге жеткілікті, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.
Алматы әуежайына екі ұшақ келіп қонды, олар Мәскеуден коронавирустық инфекцияны және пневмонияны емдеуге 55 тонна дәрі-дәрмек - вирусқа қарсы препараттар, антикоагулянттар мен антибиотиктерді жеткізді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Алдағы күндері арнайы Азитромициннің 150 мың пакеті, Цефтриаксонның миллионға жуық бумасы, Тамифлюдың 150 мың пакеті, Арбидолдың 50 мың пакеті және басқа да танымал дәрілер елдегі дәріханалар желісіне келіп түседі.
Келесі аптада дәрі тасымалдауға арналған осындай ұшақ Үндістаннан келіп қонады. Дәрі-дәрмектер нарығын реттеу және дәріханалар қорыг үнемі қажетті дәрілермен толтыру үшін рейстер тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Шілденің аяғында Алматыға 4,2 миллионға жуық әлеуметтік маңызы бар дәрілер жеткізіледі деп күтілуде.