Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мақала жазды.
Путин Екінші дүниежүзілік соғыс туралы өз көзқарасын білдіру туралы 2019 жылдың желтоқсан айында баспасөз конференциясында жеткізген.
Ресейлік көшбасшының баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков Путин мақаланың жарияланатын уақытын өзі шешетінін айтқан.
Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы аталып өтілуі тиіс болған. Коронавирус пандемиясының кесірінен Жеңіс парады 9-мамырдан 24-маусымға ауыстырылды.
1945 жылы 24-маусым күні ең бірінші Жеңіс парады өткен. 75 жыл бұрын Ұлы Отан соғысынан қайтқан майдангерлер Қызыл алаңнан салтанатты түрде жүріп өткен.