Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге жеделхат жолдап, «Ресей күнімен» құттықтады.
«Бұл атақты датаны Ресей Федерациясы өзінің жаңа тарихында күшті әрі беделді мемлекет ретінде атап өтеді. Ресей халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтап келеді. сіздің мықты стратегияңыздың арқасында Ресей мемлекет құрудың көпғасырлық дәстүрімен жетістіктерге қол жеткізуде. Барлық қоғамдық салалар модернизациядан өтіп жатыр», - деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы жеделхатта ресейліктердің отансүйгіштігі мен бірлігі мемлекеттілікті нығайта түсетініне сенім білдірген.
Тоқаев Владимир Путинге шын жүректен тілек білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық-әріптестік қарым-қатынасты одан әрі дамыта түсуге мүдделі екенін жеткізді.