Өзбекстанның Юстиция министрлігі мен Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримованың Франциядағы 10 миллион доллар активін елге қайтарды. «Бұл қаражат Өзбекстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне қосылып, ел иігілігі үшін жұмсалады», - деп мәлімдеді Юстиция министрлігі.
Билік өкілдері Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей мемлекеттерімен бірлесе отырып Каримованың барлық қаражатын елге қайтаруды көздейтіндерін жеткізді. Оның жымқырған қаражатының игерілмеген бөлігі 1,3 миллиард долларды құрайды.
Каримова 13 жыл төрт айға сотталған. Сонымен қатар, бұрынғы президенттің қызымен бірге мемлекеттік бюджеттен ақша жымқырып, оны өзіне сіңіру үшін қылмыстық әрекетке барған тағы бірнеше адам сотталды.