Апат лауазымға, атаққа, абыройға қарамайтыны рас екен. Кеше ғана тест қорытындысы Ресейдің Мәдениет министрінің коронавирус жұқтырғанын растапты.
Министрдің баспасөз хатшысының айтуынша, Ольга Любимованың дерті жеңіл түрде өтіп жатыр екен.
«Министр Ольга Любимова қашықтан жұмыс істеп жатыр. Коронавирус жұқтырғаны анықталғаннан кейін ол үйде жұмыс істеп, жиындарды видеобайланыс арқылы жасауда. Өзін жақсы сезінеді», - деді баспасөз хатшысы.