Гуанчжоудағы Қытайдың орталық банкі коронавирустың алдын алу мақсатында ауруханаларда, автобустарда, базарларда және аудандарда жиналған ақшаны жоятынын мәлімдеді. Коммерциялық банктерге банкноттарды бөлек сақтап, кейін оларды орталық банкке жеткізу тапсырылды.
Ақшаның бір бөлігі жойылмайды, олар дезинфекцияланып, 14 күннен кейін айналымға қайтарылады.
Соңғы мәліметтер бойынша, 73 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырып, зардап шеккендер саны 1900 адамға жетті.
Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан эвакуациялады, анализ қортындылары бойынша Қытайдан оралған қазақстандықтарда коронавирус белгісі жоқ.