Жоспар Палестина-Израиль қақтығысын тоқтатуы керек.
«Ғасыр келісімі» АҚШ президенті Дональд Трапм бейбітшіліктің орнына Израильдің Палестина жерлерін аннексиялауын ұсынады. Бұл туралы американдық жетекшінің жақын дереккөздері хабарлады.
Жоспар Палестина-Израиль қақтығысын тоқтатуы керек. Дереккөздер «ғасыр келісімі» бойынша Батыс жағалаудың көп бөлігі Израильге берілуі мүмкін екенін атап өтті. Бұл әлемдік қауымдастық пен Палестина бұл аймақты басып алуды заңды деп тануға мәжбүр болады дегенді білдіреді.
Палестина тарапы АҚШ-тың 50 миллиард доллар көлемінде қаржыландыру ұсынысына қарамастан, жоспарға қарсы шығуы мүмкін екендігі айтылған.
28 қаңтарда американдық көшбасшы мен Израиль премьер-министрі Бенджамин Нетаньяху бірлескен кездесу барысында бейбіт келісімді жоспар талқылады. Сонымен қатар, Америка президенті Нетаньяхудың саяси қарсыласы Кахол-Лаван орталық блогының жетекшісі Бени Ганцпен де кездесті.
Басып шығару