Президент ұшақтың баспалдағынан сүрініп кетті (видео)
АҚШ президенті Джо Байден ұшақтың баспалдағымен көтеріліп бара жатып үш мәрте сүрініп, құлап қалды. Бейнежазбадан байқағанымыздай, 78 жастағы Байден үш мәрте сүрініп, тіпті соңғысында бір тізесімен отырып қалғаны көрінеді. Кейін президент ешкімнің көмегінсіз көтеріліп, ұшақтың ішіне кіріп кетеді. Аталған жайтқа қатысты Ақ үй мәлімдеме жасады.
"Өздеріңіз білетіндей, бүгін өте қатты жел соқты. Мен өзім де баспалдақтан құлап кете жаздадым", - деді президент жанындағы баспасөз қызметінің өкілі Карин Жан-Пьер.